Бір түптен 7 келіге дейін өнім беретін қызанақтың жаңа сорты пайда болды
Бір түптен 7 келіге дейін өнім беретін қызанақтың жаңа сорты пайда болды
1 ай бұрын 888 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

«Рапсодия» - қызанақтың жаңа сорты. Румынияның өсімдіктердің генетикалық ресурстары банкінің (BRGV) зерттеушілері табаны күректей 20 жыл бойы үш түсті черри қызанақтарының жаңа сортымен жұмыс істеп, осындай нәтижеге қол жеткізген. Қазіргі уақытта патентті күтуде. Жаңа сорт бір өсімдіктен 7 келіге дейін өнім береді және 5 м-ге дейін өседі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AgroExpert және Аgrointel.ro ақпарат көздеріне жөн сілтеген EastFruit сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. BRGV мамандары черри қызанақтарының жаңа сорты үш реңкті (жасыл, сарғыш және күрең болып келеді), орташа өлшемді, тығыздығы жоғары екенін айтты. Сорттың ерекше хош иісі мен дәмі бар. Салмағы 20-дан 40 граммға дейін тартатын черри қызанағы арнайы топырақты жерде оның биіктігі 4-5 метрге жетуі мүмкін, ал ашық далада шамамен 1,80-2,00 метр болады. Ол негізгі патогендерге, зиянкестерге төзімді, ауруларға жөпшеңді бой алдырмайды. Аталған жемістің биохимиялық құрамы бай: денсаулыққа пайдалы бірқатар заттар, атап айтқанда, ликопен, каротин, дәрумендер, минералды тұздар бар.

0 пікір
Мұрағат