Болашақта әр қаланың өз Айы болуы мүмкін
Болашақта әр қаланың өз Айы болуы мүмкін
5 жыл бұрын 1896 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен салынатын, Neom деп аталатын футуристік болашақ қаласында америкалық NASA ғарыш агенттігінің көмегімен өзінің жасанды Айы болмақ. Бұл жайында The Wall Street Journal мерзімді басылымы хабар таратты. Құны 500 млрд долларға бағаланған, Саудияның қу медиен шөлінде, дәлірегі, елсіз жатқан солтүстік-батысында іргесі қаланатын болашақ қалада жасанды Айдан бөлек ұшатын такси, робот қызметші қызмет көрсететін болады. Құм басқан құла түзде тұрғызылатын қала мен оның маңында жасанды бұлттар қажетті мөлшерді жаңбыр жаудыратын болады. Жауын шақыратын технологиядан басқа құмы түн қараңғылында зауза қоңыздай жылтырап жарық шашатын болады. Бұл да соңғы технологияның жәрдемімен жүзеге асырылады. Қысқасы, ертегі қаласына айналатын түрі бар. 

0 пікір
Мұрағат