Адамзат жер ресурсының жаңғыратын жылдық нормасын тауысты, экологиялық қарызы артып барады
Адамзат жер ресурсының жаңғыратын жылдық нормасын тауысты, экологиялық қарызы артып барады
5 жыл бұрын 2809 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың шілде айының 26-сы күні адамзат жылына қалпына келетін, яғни, жаңғыратын жер ресурсын мөлшерінен артық пайдалануға көшті. Бұл жайында Global Footprint Network талдау орталығының таяуда жүргізген зерттеу нәтижесінде айтылған. Жыл өткен сайын адамзаттың экологиялық қарызының бүкіл әлемдік күні ерте келетін болып жүр. Мәселен, 1993 жылы адамзаттың экологиялық қарызының дүниежүзілік күні қазан айының 21-не, 2013 жылы тамыз айының 20-сына, 2017 жылы тамыздың 2-сіне тура келген еді. Қазіргі уақытта табиғи ресурс – су, топырақ, таза ауа жаңғыратын мерзіміне қарағанда 1,75 есе шапшаң пайдаланылады. Яғни, адамзат осылайша жер ресурсын 1,75 есе шектен тыс пайдаланады деген сөз. Бұл өз кезегінде жердің құнарсыздануына, құрғақшылықтың жиі орын алуына, жануарлардың қырылуына, өсімдіктердің солуына, көмірқышқыл газының артуына, т.б. апарып соқтыруда.

0 пікір
Мұрағат