Дәрігерлер алғаш рет адам организімінде бауыр ағзасын тікелей өсіріп көрмек
Дәрігерлер алғаш рет адам организімінде бауыр ағзасын тікелей өсіріп көрмек
21 күн бұрын 880 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық LyGenesis биотехнологиялық компаниясы пациенттің организімінің өз ішінде «шағын бауырды» өсіру бойынша алғашқы отаны жасады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ем-дом жедел бауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін адамға көмектесе алады. Науқасқа донорлық жасушалар іштің жоғарғы бөлігіндегі лимфа түйініне енгізілді. Бірнеше айдан кейін олар көбейіп, қанды сүзу функциясын қабылдауы керек. Науқасқа наурыз айының 25-і күні ота жасалды, қазіргі уақытта емханадан шығарылды. Дегенмен, дәрігерлер оның организімін жіті бақылауды жалғастырады. Дәлірегі, дәрігерлер пациенттің инфекциялық дертке шалдықпауын бақылайды, өйткені, ол ағзаның донорлық жасушалардан бас тартуына, яғни, тосырқауына жол бермеуі үшін иммуносупрессивті дәрі-дәрмекті қабылдауы тиіс. Омсы орайда жыл сайын мыңдаған адам бауыр ауруынан көз жұматынын айта кету керек. Ағзаны донор тапшылығына байланысты трансплантациялау әрдайым мүмкін емес. Жаңа ем тәсілі бұл мәселенің жаңа инновациялық шешімі болуы мүмкін

Lymph node from a tyrosinemic mouse engrafted with hepatocytes.

0 пікір
Мұрағат