Ең үлкен электрлік дрон 180 келіге дейін жүкті өзімен бірге алып жүре алады (видео)
Ең үлкен электрлік дрон 180 келіге дейін жүкті өзімен бірге алып жүре алады (видео)
1 жыл бұрын 951 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Калифорниялық Pyka стартапы Pelican Cargo ұшқышсыз ұшағын жұрт назарына ұсынды. Ол қысқа қашықтыққа жүкті жеткізуге арналған. Бұл жайында islam.kz порталы flypyka.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Pyka компаниясы әлемдегі ең үлкен әрі атмосфераға  мүлдем зиянды қалдық бөлмейтін, жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз ұшу аппаратын құрастырды. Pelican Cargo төрт электр қозғалтқышымен жабдықталған, бұл қозғалтқыштар ұшқышсыз ұшаққа 320 шақырым қашықтықты бағындыруға көмектеседі, максималды жүктемесі - 180 келі, яғни, осынша салмақтағы жүкті алып жүре алады. Ұшқышсыз ұшақ қуаты сағатына 50 кВт литилік-ионды аккумулятормен жабдықталған. Ұшуды басқару үшін винттерге қосылған әрқайсысының қуаты 25 кВт төрт электр қозғалтқышы қолданылады. Әр қанаттың алдыңғы және артқы жағында бекітілген қадамдық пропеллер орнатылған. Ұшқышсыз автономды (дербес) ұшуды Pyka компаниясы әзірлеген арнайы ұшу қозғалтқышы қамтамасыз етеді. Екі бөлек компьютердегі алты процессор алға бағытталған лидарлардан, лазерлерден, радарлардан және басқа да қоршаған орта сенсорларынан секундына келіп түсетін миллиондаған деректі өңдейді. Мамандар дронның ауылшаруашылық нұсқасында «сынақтан» өткенін және логистикалық компанияларда басқару элементтерін меңгеруде қиындықтар болмайтынын атап өтті. Pelican Cargo қысқа қашықтыққа жүкті жедел жеткізуге арналған. Оның көтерілуіне небәрі 183 м х 17 м алаң жеткілікті, сонымен бірге, мұндай «ұшу-қону жолағын» қиыршық таспен, асфальтпен, шөппен немесе, тіпті, балшықпен жабуға болады. Осындай жағдай талғамайтындығына байланысты ұшқышсыз ұшақ ауылдық жерлерге жүк жеткізуге өте ыңғайлы болмақ.

0 пікір
Мұрағат