Еуропалық ғарыш агенттігі Жерді тікелей ғарыштан күн энергиясымен қалай қамтамасыз етудің жолын іздеуде
Еуропалық ғарыш агенттігі Жерді тікелей ғарыштан күн энергиясымен қалай қамтамасыз етудің жолын іздеуде
1 жыл бұрын 2501 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) күн сәулесінен тәулік бойы энергия өндіретін және оны микротолқынды пештер арқылы жерге жіберетін орбиталық күн стансаларын салуды көздеп отыр. Жаңғыртпалы энергия саласында тыңнан түрен салатын аталмыш жоба Solaris деп аталады. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай идеяның айтылғанына жарты ғасыр өтіпті, алайда, оны бұрын оны жүзеге асыру технологиясы болған жоқ. Тек 2022 жылдың қарашасында Airbus мұндай жүйенің жұмысын көрсетті. Инженерлер екі киловатт энергияны күн батареяларынан 30 метрге тасымалдады. Solaris ғарышта тікелей энергия өндіруі үшін әлеуеті жоғары болуы тиіс, дәлірегі, қуаты мың есе жоғары болуы керек, дегенмен, сарапшылар жобаны жүзеге асыруға ешқандай техникалық кедергінің жоғын алға тартып отыр. Яғни, жүзеге асыруға болатын жоба болып табылады. Solaris бағдарламасының негізгі мақсаты күн энергиясын жердің электр желісіне бағыттау мүмкіндіктерін табу болады. Бұл бағытта ең келешегі зор және ең қауіпсіз нұсқа - микротолқынды сәуле шығарғыштарды пайдалану. Қазіргі уақытта ESA біргей жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы іздеуде. Табаны күректей үш жылға созылған жоба осы аптада бекітілуі тиіс.

Күн энергиясын ғарыштан Жерге тасымалдау схемасы. 1. Күн сәулесін шығарады. 2. Орбитадағы күн батареялары оның энергиясын сақтайды. 3. Энергия микротолқындар арқылы Жерге сәулеленеді. 4. Жер бетінде қабылдағыштар микротолқындарды электр энергиясына айналдырады. 5. Электр желісіне электр энергиясы беріледі.

Ұқсас материал:Solar Satellite

«Күннен энергия алудың ғарыштық жүйесі жасалады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kunnen-energiya-aludyn-garyshtyq-juiesi-jasalady-13219/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат