Facebook «интернет-барахолканы» жаппай енгізіп келеді
Facebook «интернет-барахолканы» жаппай енгізіп келеді
6 жыл бұрын 2232 inform.kz

Facebook Marketplace сервисін жаппай іске қосып келеді. Сервисте сатуға немесе айырбастауға ұсынылып отырған зат орналастырылып, хабарлама авторымен тікелей байланысу мүмкіндігі болады. Бұл туралы «Известия» газеті жазады.

Marketplace сату-сатып алу сервисі  АҚШ пен өзге бірнеше елде 2016 жылдың соңында іске қосылған болатын. 2017 жылдың тамызына қарай оған тағы 17 еуропалық мемлекет қосылды. Енді Facebook бұл сервисті Ресейде тестілеуден өткізбек. Айта кетсек, ресейліктердің бірқатар бөлігі жаңа мүмкіндікті қолдануды бастап кеткен.

Сервиске қосылған жағдайда «мәзірде» дүкеннің белгісі пайда болады. Онда сатуға шығарылған тауарлар санаттар бойынша бөлінген.

Бүгінгі күні мұндай сервистер «Одноклассники» және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде де бар.

0 пікір
Мұрағат