Ингредиент кофені алмастырады
Ингредиент кофені алмастырады
3 жыл бұрын 1646 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Әлемдік кофе өндірісі айналымының жылдық мөлшері 100 млрд доллардан асып жығылады, алайда, жаһандық жылыну кесірінен орын алған климат өзгерісінен кофе тапшылығы төніп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кезінде сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған осы төңіректегі материалымызда «Осы ғасырдың орта шенінде әлем табиғи кофе ішуден қалады. Халықаралық зерттеушілер тобының келтірген мәліметіне үңілсек, алдағы 30 жыл ішінде әлемді кофемен қамтамасыз етіп отырған Латын Америка құрлығы кофе плантациясының 88 пайызына дейін айырылады», деп жазыппыз. Бұған, біріншіден, аралар популяциясының күрт кеміп кеткені себеп болса, екіншіден, жаһандық жылынудан ылғал мен салқын ауа райын қажет ететін кофе плантацияларының азаюын жатқызамыз. Бұдан бөлек, кофе плантациялары көміртектің көп мөлшерін бөледі. Бұл аталған проблемаларды шешуге Atomo Coffee тағам технологиясы саласындағы стартап көмекке келмек. Аталған стартап бойынша кофені алмастыра алатын ингредиенттер жасалады, дәлірегі, қарбыз дәні мен күнбағыс дәнінің қабығынан алынады. Арнайы патенттелген химиялық процесс негізінде жүзеге асырылатын бұл маңызды жобаға - Atomo стартапына инвестиция тартылып жатыр. Тіпті, дәмі мен хош иісі шынайы кофеден кем түспейтін молекулярлы кофе Сиэтлдегі Cone and Steiner азық-түлік ритейлерде саудаға шығарылатыны да белгілі болып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Кофенің жаңа сорты адамзатты болашақта кофесіз қалдырмайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kofenin-jana-sorty-adamzatty-bolashaqta-kofesiz-qaldyrmaityn-boldy-15154/#gsc.tab=0);

«Дәрігер суып қалған кофенің қандай қаупі барын айтты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/dariger-suyp-qalgan-kofenin-qandai-qaupi-baryn-aitty-14985/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат