Интернет иіріміндегі сайттар саны 1,1 млрд-тан асты
|

2025 жылдың қаңтар айында ғаламдық желіде шамамен 1,1 млрд сайттың бары анықталған. Бұл жайында islam.kz порталы Siteefy ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы мәлімет Internet Live Stats, Netcraft және BuiltWith сияқты дерек көздердің мағлұматтарына негізделген, дәлңрегі, оларда веб-хостинг статистикасы мен домендерді тіркеу туралы мәліметтер ескерілген екен. Өкінішке қарай, сайттардың тек 17% -ы ғана жаңартылып, белсенді режимде жұмыс істеп тұр, ал қалғандарының “сайда саны, құмда ізі жоқ”, ұмытылған сайттар ретінде анықталған. 2020 жылы интернеттегі индекстелетін беттер саны ресми емес шегіне жетті. Содан бері көрсеткіштер ауытқып келеді, десе де шамалы - 2024 жылғы қазанда бұл тараптағы көрсеткіш 4,57 млрд бетті құрады. World Wide Web Size Project жобасы интернеттегі іздеу жүйелеріндегі ең көп сұралған, яғни, іздеу салынғандарын бөлу арқылы есептеді. Бұдан ары бұл сандар экстраполяцияланды және белсенді беттердің шамамен бағасын алады. 2025 жылға арналған трафик бойынша деректер әзірге жоқ. Соңғы мәліметтер 2022-2023 жылдар кезеңіне қамтыған. Бұл кезеңде әлемде интернетке қосылған бір адамға 3,6 құрылғыдан келетін - жылына 4 зеттабайт деңгейінде жаһандық трафикті тудырды. Бұл көрсеткіштер содан бері ұдайы өсіп келеді, желілік инфрақұрылымға шамадан тыс салмақ түсіруде. Әсіресе интернеттің басым бөлігі шартты түрде ешкім кірмейтін «өлі» сайттарға екенін ескерсек – бұл сайттар орасан зор, пайдасыз трафик боттарды тудырады.




