Испандық мұсылман жаяу 9 мың шақырым жүріп ұмра жасады
|
Испаниялық мұсылман жігіт кіші қажылығын, яғни ұмрасын орындауға 9000 шақырымнан астам жолды жаяу жүріп өткен.
Жас жігіттің сапары 5 жарым ай бұрын Парижден басталған, бұл туралы кувейттік Al Rai басылымы жазды.
Мұсылман жігіт Франциядан Меккеге жаяу жүріп жетті, ол өз сапарын Ысқақ сапары деп атаған. Бүкіл жолында ол шамамен 5 мың еуро (тәулігіне 10 еуро) жұмсаған.
Жас жігіт сапар барысында ауа райы жағынан бірқатар қиындықтардың туындағанын айтты. Тіпті, күннің суықтығынан қол-аяғы ештеңе сезбей қалған.
Айта кету керек, Ысқақ сапарын жасаған мұсылмандар арасында испандық жігіт бірінші емес, 2012 жылы Сауд Арабиясына қажылық парызын орындауға Босния елінің азаматы жаяу жүріп келген. Ол 5700 шақырым жолды жаяу бағындырған-ды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
■
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды
■
Адамзат таза әрі шексіз энергия алуға бір табан жақындады
■
Ең пайдалы жемістердің біріне жойылу қаупі төніп тұр