Аралар санағы жүргізілді (фото)
Аралар санағы жүргізілді (фото)
3 жыл бұрын 2384 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нидерландыда ұлттық деңгейде осымен төртінші ара санағы жүргізілді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел аумағында санаққа қатысқан 11 мың адамның көмегімен 200 мың араның бары анықталды. Осылайша нидерландықтардың осынау баға жетпес жәндік популяциясын сақтап қалу бағытында жүргізген жұмыстарының текке кетпегені белгілі болды. Аталған ел тұрғындары мен табиғат жанашырлары ара популяциясын сақтап қалу үшін бал арасының магистралін отырғызудан бастап жәндіктерге арналған қонақ үйлер салуға дейінгі шараларды қолға алған болатын. Аталған ел аумағында жабайы аралар өткен ғасырдың бірінші жартысынан, дәлірегі, 1940-шы жылдардан бастап кеми бастаған болатын. Агроөнеркәсіп кешенінің өркендеуіне байланысты. Нидерланды – әлемде АҚШ-тан кейінгі орында тұрған ел ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты бойынша. Жарты ғасыр бұрын аталған ел аумағы жабайы гүлдерден құлпырып, аралар популяциясының сақталуына ықпал еткен еді. Бүгінде барлық аумақта ауыл шаруашылық өсімдіктері өсіріледі. Бұдан бөлек, пестицидтің кесірінен де аралар саны кеміп кетіп еді. Бүгінгі таңда Нидерланды аумағындағы аралардың 360 түрінің жартысы жойылу алдында тұр. 2018 жылдан бері ара популяциясын сақтау стратегиясы жүзеге асырыла бастады. Мәселен, бір ғана Утрехт елді-мекенінде араларға арналған 316 аялдама орнатылды. Сондай-ақ, бұл тарапта  Honey Highway обасы қолға алынған. Табиғат жанашырлары автожолдардың бойында, теміржол торабында гүлдер отырғызады. Жыл сайын.

Араларға арналған қонақ үй 

Араларға арналған аялдамалар 

0 пікір
Мұрағат