Темір ыдыс пен су құбырындағы қақты өздігінен кетіретін технология пайда болды (видео)
Темір ыдыс пен су құбырындағы қақты өздігінен кетіретін технология пайда болды (видео)
3 жыл бұрын 2944 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институты (MIT) ғалымдары темір ыдыс болсын, су құбыры болсын, ұдайы су тигеннен қақ тұрып қалатын беткі жағының өздігінен тазаруына ықпал ететін технология ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме асай отырып мәлім етеді. Ұдай тұзды сумен контактде болатын темір ыдыс пен құрал-саймандарда, құбырда пайда болатын қақті күш жұмсап кетіруге мәжбүр болып жатасыз. MIT инженерлерінің бұл тараптағы ізденісінің нәтижесінде өздігінен тазаруға жол ашатын тәсіл пайда болды. Әдетте тұзды су тамшысы темірдің беткі жағына жабысқанда аталмыш технология бойынша минерал булануына қарай шар тәрізді форманы қалыптастырады. Оның кристалынан темірдің беткі жағында тазарту қиынға соғатын қақ пайда болып жатады. MIT ғалымдары бұл кристалдану процесін болдырмаудың шешімін металдың беткі жағындағы феноменнен тапты. Егер металдың гидрофобты (суды жатырқайтын) беткі жағы жылытылса, оның белгілі бір наноөлшемді текстурасынан тұз өзгеше пішінде кристалданатын болады, нәтижесінде мұз кесегі секілді кристалданып, көлемі өседі де өз салмағына шыдас бермей өздігінен металдан ажырап қалады. Аталмыш технология су айдайтын құбыр мен геотермалды бұрғылау құралына, сондай-ақ, суды тұшшыландыру қондырғыларына қажет.

0 пікір
Мұрағат