Жануарлар да өз мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыра алатын қабілетке ие болып шықты
Жануарлар да өз мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыра алатын қабілетке ие болып шықты
3 жыл бұрын 2094 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Шотландиядағы Сент-Эндрюс университетінің ғалымдары кей жануарлардың өз мәдениетін қалыптастырып, оны ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыра алады деп есептейді. Бұл жайында islam.kz порталы science.sciencemag.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған жоғарғы оқу орны мамандарының мұндай тұжырымға соңғы 70 жыл бойы жануарлар әрекетін бақылау мен қадағалау нәтижесінде келіп отыр. Шотландиялық ғалымдар бұл тарапта приматтардың араларына тап болған бейтаныс маймылды қадағалайтынынм аңғарған. Уақыт өте келе оның әдеттерін де қабылдайтынына көз жеткізген. Мұның жарқын мысалы ретінде Замбия аумағындағы қорықтағы маймылдардың іс-әрекетін келтіруге болады. Шимпанзелердің арасында бір сән үрдісі пайда болған – шөпті құлағына қыстырып алу әдеті. Алдымен бұл әдетті Джулия атты маймыл қолданған, артынан оның тобындағылар да осылай істеген. Егер ғалымдардың бұл тұжырымы рас болса, онда адамды жануардан оның мәдениеті айрықшалайды деген түсінікті қайта қарастыруға тура келеді.

0 пікір
Мұрағат