«Жын шығарудың» регламенті әзірленді
«Жын шығарудың» регламенті әзірленді
3 жыл бұрын 3175 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Орыс православ шіркеуі (РПШ) экзорцистік жөн-жоралғыны өткізудің регламентін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РПШ-ның дінтану жөніндегі шіркеу комиссиясының әрі сыртқы шіркеулік байланыс бөлімінің жетекшісі  Иларионға жөн сілтеген «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Православтық пірәдардың айтуынша, экзорцизм жөн-жоралғысы барлық шіркеу қабырғасында жүргізіле бермейді. Бұл тараптағы құжатта бұл жөн-жоралғының барлық тарихы, соның ішінде апосталдың дәуірін де қамтиды. Сол себепті, оны бірегейлендіріп (бір ізге түсіріп) әрі регламенттеуге тура келген. Осы мақсатта «жын шығару» регламентіне қатысты жоба оған түзету енгізу үшін жарияланатын болады. Оған дейін оның мазмұны құпия қалады. Осы орайда «жын шығару» рәсімінің нақты қалыптасқан жөн-жоралғысы жоқ екенін айта кету керек, осындай себеппен бе мұндай құжат әзірленіп жатыр десек, артық айта қоймаспыз. Оның үстіне, жынның шығуына ешкім кепілдік бере алмайды, бұл да аталған рәсімді кім көрінгеннің қолжаулығына айналдыратын факторлардың бірінен саналады. Жауапкершілікті бөлісу үшін регламенттің маңызы зор.

0 пікір
Мұрағат