Қасқыр күллі жануарлар арасында рекорд орнатты. Несімен?
Қасқыр күллі жануарлар арасында рекорд орнатты. Несімен?
4 жыл бұрын 8630 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бір жыл ішінде ең ұзақ сапар асайтын жануарды анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Аляскалық биолог Кайл Джоли халықаралық мамандар тобымен бірге сүтқоректілердің қалай жылжитынын зерттеп-зерделеген болатын. Аталмыш зерттеуден бұрын олар бұл мәселеде жаз жайлау, қыс қастау үшін жыл сайын орасан зор қашықтықты артқа тастайтын солтүстік бұғысының алдына түсетін жануар жоқ, деп есептеп келген болатын. Расымен де бұғылардың кей үйірі немесе табыны жылына 1200-нан аса шақырымды жүріп өтеді. Алайда, бұл мәселеде Моңғолия аумағын мекен ететін сұр қасқырлардың арланына ешбір жануар жетпейтіні белгілі болды. Олар бір жыл ішінде 7247 шақырымды артқа тастайды. Бұрын The Guardian ақпарат көзі хабарлағандай, норвег ғалымдары осы бағытта арнайы тәжірибе жүргізіп көрген болатын. Ақ түлкі еркегі 76 күнде Норвегиядан Канадаға жеткен еді. Спутниктік таратқыш құрылғысымен жабдықталған аңнын 2018 жылдың наурыз айының 26-ы күні Шпицберген аралынан сапарын бастағанын білген болатын. Теңіз мұзының үстімен жортып отырып 21 күнде Гренландия жағалауына жеткен. Ал шілде айының 1-і күні канадаға қарайтын Элсмир аралына табан тіреген. Осылайша бұл аң күніне 46 шақырымнан аса жол жүрген болатын.

0 пікір
Мұрағат