Жерді салқындатудың тағы бір тәсілі қарастырылуда
Жерді салқындатудың тағы бір тәсілі қарастырылуда
1 жыл бұрын 784 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Юта университетінің ғалымдары ғарыш тозаңын пайдалана отырып, жерді жасанды жолмен салқындатудың бірнеше нұсқасын қарастырып көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жеткілікті көлемдегі ғарыш тозаңы күн сәулесін сейілтіп, жерге түсетін энергия мөлшерін азайта алады, бұл технология адамзатқа жаһандық жылыну мәселесін шешуге мұрсат береді. Ғалымдар жасанды тозаң экранын жасау үшін қажетті көлемдегі шаңды ғарыш кеңістігіндегі қажетті аймаққа қалай жинап, шоғырландырудың жолын білмейтінін алға тартып отыр. Олар тек ықтимал шешімнің ең тиімді стратегиясын және оның негізділігін қарастырады. Бұл тараптағы есеп нәтижесі көрсеткендей, он тонна тозаңды Лагранжа L 1 аймағында шоғырландырса, жерге түсетін күн сәулесін 1,8 %-ға азайтады, бұл көрсеткіш жердің күнсіз шамамен алты күніне тең. Яғни, алты тәулік бойы жерге күннің сәулесі түспеуімен бірдей болады. Алайда, мұндай әрекеттің әсері де уақытша болатынын айта кету керек, өйткені, санаулы күннен кейін гравитациялық күш тозаңды сейілтіп, ыдыратып жібереді. Яғни, Лагранжа L 1 аймағында күн сәулесіне қарсы тозаң қалқанын тұрақты немесе ұдайы ұстап тұру мүмкін емес. Бұдан бөлек, 10 млн тонна тозаңды L1 аймағындағы платформаға шоғырландыру операциясы қыруар қараатты қажет етеді. Яғни, өте қымбатқа түсетін жоба. Міне, осындай факторларды саралап, ескерген ғалымдар басқа нұсқасын қарастырып көрген екен – Айдан тозаңды қажетті аймаққа айдау жобасы. Бұл жоба сәл де болса арзанға түседі, өйткені, арнайы платформа құру қажеттілігі болмайды, өйткені, тозаң қоры жеткілікті, оның үстіне, тозаңды жеткізу қашықтығы да ұзақ емес.

Ұқсас материалдар:

«Жерді салқындату үшін атмосфераға күкірт шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdi-salqyndatu-ushin-atmosferaga-kukirt-shygaryldy-video-17942/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылықпен күресудің тың тәсілі – күн көзін көлегейлеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qurgaqshylyqpen-kuresudin-tyn-tasili-kun-kozin-kolegeileu-15661/#gsc.tab=0);

«2019 жылы жерді салқындату тәжірибесі қолға алынады жаһандық жылынуға қарсы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/2019-jyly-jerdi-salqyndatu-tajiribesi-qolga-alynady-jahandyq-jylynuga-qarsy-11126/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат