Жиналмалы баспалдақ лифт (видео)
Жиналмалы баспалдақ лифт (видео)
8 жыл бұрын 4313

Келушілеріне барлық жағдай қарастыруға тырысқан мейрамхана әкімшілігі жүріп-тұруға қиналатын клиенттеріне арнайы тапсырыспен жиналмалы баспалдақ жасатқан екен. Баспалдақ нұсқау бойынша орындықтан жоғары көтеретін лифтке айналады. Ал жүруге қабілетсіз келуші емін-еркін кедергіні бағындырып өз жөнімен кете барады. 

 

Atlas роботы орманды өзі жалғыз аралап шыға алады (ВИДЕО)

Boston Dynamics компаниясы шығарған адамға ұқсас Atlas роботын жетілдіруді жалғастырып жатыр. Бұрын одан роботтың басқару жүйесіне қуат беретін ұзын электр кабелі қосылған болса, енді инженерлер оны портативтік батареямен жабдықтады.

Биылғы модель бұрынғысынан кіші әрі шағын. Сонымен қатар ол жалғыз қысқы орманды аралауды үйренген және епті әрі ақырын жерге құлауға машықтанған.

Роботты жасаушылардың биылғы жария еткен қысқа ғана видеосында роботтың қораптарды көтеріп, оларды сөрелерге жинап қойғаны көрсетілді.

Atlas тепе-теңдік сақтай алады, аяқтарындағы сенсордың арқасында денесін тік ұстап тұра алады. Бақылау жүйесімен, стереосенсорлары оған маңайын барлап, басқа нәрселерге соғылып қалмауына мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат