Марста құрма өсірілетін болды
Марста құрма өсірілетін болды
6 жыл бұрын 3417 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі өзінің технологиялық және экономикалық жаму қарқынын жетелдету үшін ғарыш кеңістігін зерттеу әрі игеру саласында алдына амбициялық мақсаттар қойып отыр. Нақтырақ айтқанда, Марста пальма жапырағынан өнім алуды жоспарлап отыр. Арабтар мақсатқа қол жеткізу үшін ғарыштағы «жер» шаруашылығын игеру үшін Mitsubishi Heavy Industries компаниясымен ынтымақтасты. «Марс пен шөл даланың белгілі бір ұқсастығы бар»,- деп мәлімдеді БАӘ ғарыш агенттігінің стратегиялық жоспарлаудың бас маманы Рашид Аз-Заиди. «БАӘ топырағы, ландшафы Марстікіне ұқсайды»,- деді ол нақтылап. БАӘ қызыл планетада пальма ағашын, таңқурай, т.б. өсірумен байланысты екі ғылыми жобаны қаржыландырмақ. Бұл бастама қисынсыздау әрі қиялилау көрінсе де оның экономикалық негіздері бар. «Парсы шығанағы аймағында 100 млн жас бар. Біз оларға болашақта жұмыс тауып беруіміз керек. Мұның бәрі тек мұнайға ғана тәуелді емес, сонымен қатар, білім мен шығармашылық қабілетке орын беретін экономика құру үшін қолға алынады»,- деді Марсқа экспедиция жобасының жетекшісі Омран Шараф. Айта кетейік, аталған елде 2014 жылы Ғарыш агенттігі құрылған сәттен бастап, қазіргі уақытқа дейін Марсты зерттеу жобасына 5,4 млрд-тан аса инвестиция құйылған екен. 

0 пікір
Мұрағат