Медициналық орталық өз пациенттері үшін жеміс-жидек пен көкөністі емхана шатырында өсіреді (видео)
Медициналық орталық өз пациенттері үшін жеміс-жидек пен көкөністі емхана шатырында өсіреді (видео)
6 ай бұрын 916 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының Бостон қаласындағы емхана азық-түліктің көбісін Бостонның азық-түлік банкісінен алады. Десе де пациенттерді балғын жеміспен қамтамасыз ету үшін емхана өз шатырында бау-бақша өсіреді. Бұл жайында islam.kz порталы nbcboston.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2001 жылдан бері науқастарға балғын жеміс-жидек пен көкөніс өсірілетін бау-бақшадан алынған өнімнің бүгінде айына 7000 адам игілігін көріп отыр. Соның ішінде аллергиядан, сусамырдан, қан қысымынан, бүйрек жеткіліксіздігінен, т.б. зардап шегетін науқастар қажетті дәрімендерден қысылған емес. Шатырдағы фермадан алынған азық-түліктің басым бөлігі қоймаға түседі. Оның шамамен 3/1-і науқастардың ас-ауқатына кетеді, сондай-ақ, фермерлердің қызметкерлерге арналған базары да бар. Қазір шаруа қожалығы қазан айының соңына дейін ашық күйінде қалып отыр, дегенмен, ұйымдастырушылар жыл бойы жаңа піскен көкөністерді өсіре алатындай жылыжай салуды жоспарлап отыр.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31