Араб елі блогерлерге алтын виза ұсынады
Араб елі блогерлерге алтын виза ұсынады
12 күн бұрын 692 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: dreamstime

Біріккен Араб Әмірліктерінде танымал блогерлерге, инфлюенсерлерге және өзге де қажетті контенттер жасай алатын тұлғаларға алтын виза беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Gulf News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай визаға ие болғандар аталған ел аумағында он жыл тұрып жұмыс істей алады. Қаңтар айында Creators HQ компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерін әлемдік цифрлық бұқаралық ақпарат құралдарының орталығына айналдыру арқылы контент жасаушылар мен әлемнің жетекші индустриялық салаларының өкілдерін біріктіруді мақсат еткен «Миллиард жазылушы» саммитін өткізді. Бұл жоба аясында БАӘ-ге 10 000-ға жуық блоггер тарту жоспарлануда. Алтын визаны алу үшін тиісті құтаттарды толтырып, Creators HQ компаниясының ресми сайтында өтініш беруге болады. Аталмыш компания қызметкерлері ізденушінің талаптарға қаншалықты сай келетінін қарастырады. Оң жауап болған жағдайда, өтініш берушіге электрондық хат жіберіледі, онда келесі процедуралар алгоритмі толық сипатталатын болады. Жазылушыларға дәлелденген ықпалы бар әлеуметтік желідегі танымал парақша иелері, олардың медиа индустрия мен әлеуметтік желілерді дамытуға қосқан үлесін растайтын түрлі марапат иегерлері өтініш бере алады.

0 пікір
Мұрағат