|
«МЕХАНИКАЛЫҚ СОЛДАТ» СОДЫРЛАРМЕН СОҒЫСАДЫ (ВИДЕО)
|
Иракта дөңгелекті робот шығарылды. Жоба авторларының айтуынша, «темір солдат» жуық уақытта нағыз соғыс алаңында лаңкестерге тойтарыс беруге қауқарлы. «Механикалық солдатты» Ирактағы ағайынды жігіттер жасап шығарған. Олар өз туындыларын «AIrobot» деп атапты. Қазір бұл құрылғы соңғы сынақтан өткізілуде. Егер «механикалық солдат» барлық сынақтардан өтсе, таяу арада ол Мосул қаласындағы ДАИШ террористік ұйымы территориясына жіберілетін болады. «AIrobot» арнайы пулеметпен, сондай-ақ ракетамен және төрт бірдей бейнекамерамен жасақталған. «Механикалық солдат» радиоарна арқылы ноутбукпен басқарылады. Роботтың көру мүмкіндігі бір шақырымды қамтиды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды