Өлген құстарды дронға айналдырып жатыр (видео)
Өлген құстарды дронға айналдырып жатыр (видео)
1 жыл бұрын 3855 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар өлген құстардың тұлыбын дронға айналдыруда. Тыңшылық мақсатта. Бұл жайында islam.kz порталы New Scientist ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, дрон құстарды жабайы жануарларды үркітіп алмай табиғи тіршілік ету ортасында қадағалауға әрі зерттеуге, сондай-ақ, америкалық аэронавтика институты мен SciTech ғарыштық форумының баяндамасында айтылғандай, күдіктілерді, соның ішінде заңсыз аң аулаушылар мен орман отаушыларды аңду үшін пайдаланылады. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар құстардың кейбір ортақ белгілері мен қимылдарын дәлірек қайта жасау үшін құстардың таксидермиялық бөліктері мен ұшқышсыз ұшақтардың жасанды механизмдерін біріктірген екен. Аталмыш жобамен жұмыс істеп жатқан Мұстафа Хасанәлі есімді инженердің айтуынша, бұл дрондар негізінен қашықтықтан адамдар мен жануарларды бақылауға болатын, қашықтан басқарылатын шағын ұшақтар іспетті.

0 пікір
Мұрағат