|
Қартаю процесін баяулататын жемістер арасында құрма көш бастап тұр
|
Марият Мухина есімді диетолог «Аргументы и факты» мерзімді басылымына берген сұхбатында кәрілікті тежейтін, яғни, адам ағзасының қартаю процесін барынша баяулататын жемістер арасында құрманың орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, диетолог көк шайға айрықша көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Өйткені, оның құрамында ағзадағы зат алмасу процесін жақсарататын антиоксиданттың мол кездесетінін алға тартты. Ал құрманың құрамындағы аминоқышқыл адам жүйкесін тыныштандырып, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады әрі зақымдалған жасушаларды қалпына келтіреді. Терінің тегіс әрі жылтырап тұруына құрамында А дәрумені мол бүрген көмектеседі, Сонымен қатар, қаражидектің қан жасушылары мен гормондардың синтезденуіне көмектесетінін тілге тиек етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Тұтас құрлық қояндардан көресіні көріп отыр
■
Қытай пайдалы қазбаларды сақтаудың үш деңгейлі жүйесін енгізеді