|
Қасиетті Мекке 400 шақырым биіктіктен көрінеді (ғарыштан түсірілген видео)
|
Саудияның тұңғыш әйел ғарышкері ғарыштың ашық кеңістігінен қасиетті Меккенің қалай көрінетінін таспаға тартып алыпты. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таспаға тартылған көріністен байқалғандай, қасиетті Мекке 400 шақырым биіктіктен көрінеді. Сәл шегініс: Әлі әл-Қарни мен Райана Барнауи соңғы 40 жылда Халықаралық ғарыш стансасына келген алғашқы саудиялықтар болды. Ғарышқа ұшқан алғашқы араб - Сауд Арабиясының ханзадасы Сұлтан бен Салман. Ол 1985 жылы ғарышқа ұшты. Әлі мен Райана қазіргі уақытта АҚШ-тағы Axiom Space компаниясының жеке миссиясын орындап жүр. Қасиетті Меккені ғарыштан таспаға тартып алған Райана Барнауи – биомедицина ғылымдарының магистрі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды