Құран оқу үшін көзіне ота жасатқан қария
Құран оқу үшін көзіне ота жасатқан қария
6 жыл бұрын 3097 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ингушетияда таулы аймақтағы Гули деп аталатын елді-мекенде тұратын 121 жастағы ақсақалдың көзіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Соңғы жылдары қарияның өздігінен жүріп-тұруы қиындады. Көзі көрмей қалғандықтан. Ең жанына батқаны, көзінің нұры тайып, қасиетті Құранды оқудан қалғаны болды. Аппас Илиев өзінің катаркті екенін білген жоқ, көру қабілетінің төмендегенін кәріліктен көрді. Өзінің басыр болып қалғанын білген соң ота жасатуға қуана келісімін берген екен. Қасиетті Құранды қайта оқу мүмкіндігіне қуанды. Қария 1896 жылдың наурыз айының 1-і күні дүниеге келген. Сегіз баланы асырап жеткізген, олардан 36 немере мен жиен сүйіп отыр. Ал жиырмаға тарта шөбересін барын айтпағанда немене де сүйді. Ендігі жерде ол өз бетінше жүріп-тұра алады, мешітке де өз аяғымен бара алатын болды.

0 пікір
Мұрағат