|
Рамазан айында кіші қажылығын өтегісі келетіндерге ұмра уақытын брондауға арналған қосымша
|
Он екі айдың төресі атанған қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Осыған байланысты қасиетті айда ұмра жасағысы келетіндерге уақыт брондауға мүмкіндік беретін, Tawakkalna деп аталатын арнайы қосымша ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Tawakkalna қолданбасына ұмра рәсімдерін орындағысы келетіндерге мүмкіндік беретін «Манасик қақпасы» атты жаңа айдар қосылды. Аталмыш қолданбада ұмраның жөн-жоралғысын орындау уақыты көрсетілген, осылайша қажылар 12 уақыт аралығы қамтылған қосымша арқылы ұмра орындауға қолайлы уақыт аралығын таңдай алады. Бір қызығы, қажылардың дені дәл қасиетті Жұма күндерін таңдап жатады кіші қажылығын өтейтін уақыт үшін.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді