|
Ресейде көл аяқ астынан жер астына кетті (видео)
|
Ресейдегі Владимир қаласының түбінде, орман арасында орналасқан тереңдігі 20 метрлік Саканцы көлі жер астына кетті. Судың орнында батпақ басқан үлкен шұңқыр ғана қалды. Мұндағы барлық балықтар да із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды «360» телеарнасы. «Қазір бұл жерде, көлдің табанында суды ұстап тұрған қалыңдығы екі метрге жуық балшық қана жатыр. Шамасы, нөсер жаңбырдан кейін балшық қабатының осал тұсынан шұңқыр пайда болып, су жер астына ағып кеткен, - дейді Владимир облысы табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Алексей Мигачев. Егер ойылып кеткен шұңқыр балшыққа толар болса, көл қайта қалпына келуі де мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды