|
Шариғат шәлісін жамылған мүфтилер мен шейхтердің барын білесіз бе?
|
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мүфти әйелдердің бірі Найманың жұмыс күні әдетте мұсылман әйелдердің дін төңірегінде өздерін толғандарын сауалдарына жауап берумен басталады. Таңғы сағат тоғызда Әбу-Даби әмірлігінің ислам істері жөніндегі басқарма қызметкері Найма пәтуаға сұранып тұрған 11 сауалға жауап беріп үлгереді. Десе де оның телефонында тыным болған емес. Сонда да Найма сабырынан жаңылған емес. Қызметі соны талап етеді. Асқан ыждағаттылықты, жауапкершілікті, ізденуді талап етеді. Көбіне сауалдар мүфти әйел болған соң ба - әйелдер басындағы кепке ойысып жатады: жүктілік, тұрмыстық, түсік жасату, т.б. Бұл жайында "IslamNews» порталы «The Guardian» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды