Swarovski премиум дүрбісі жануар мен құстардың 9000-нан астам түрін ажыратып, тани алады (видео)
Swarovski премиум дүрбісі жануар мен құстардың 9000-нан астам түрін ажыратып, тани алады (видео)
2 ай бұрын 837 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австриялық Swarovski Optic спорттық оптика өндірушісі CES көрмесінде смарт  дүрбіні жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. AX Visio технологиялық инновациясы тұмса табиғатты бақылауға арналған, дәлірегі, көзге түсетін құстар мен жануарларды жылдам анықтауға мүмкіндік беретін қызметі бар құрылғы. Көзге түскен құсты немесе жануарды анықтау үшін арнайы түймесін бассаңыз, жетіп жатыр. Табаны күректей бес жыл құрастырылған өзгеше дүрбі ең озық оптикалық жүйемен, жасанды зерде процессорымен жабдықталған. Сондай-ақ, құрылғы 13 мегапикселді камерамен жабдықталған. Айналмалы дискіні пайдаланып, қажетті жұмыс режимін таңдауға болады, таңдағаныңызды түймемен басып, іске қоса аласыз. Содан кейін гаджет нәтижені лезде көрсету үшін Merlin Bird ID немесе Mammal ID кең дерекқорларына жүгінеді. Айрықша дүрбінің 9000-нан астам жануарлар мен құстарды тану мүмкіндігі бар. Пайдаланушы камераны, компасты пайдалана алады және қызықты нысандарды белгілей алады. AX Visio үшін мобилді қосымша әзірленді, оның көмегімен анықталған нысандарды сақтауға және ортақ пайдалануға болады. Қолданба арқылы дүрбі жаңартулар мен қосымша мүмкіндіктерді ие бола алады. Swarovski Optic бас директоры Стефан Шварц аталмыш өнімді жаңа технологиялық дәуірдің басы, деп санайды. Осы жылдың ақпан айының бас кезінде саудаға шығарылады, бағасы - 4799 доллар.

0 пікір
Мұрағат