|
Сыртқы пішінін лезде өзгерте алатын смартфон таныстырылды (видео)
|
Болашақта смартфон-трансформер ұстауымыз әбден мүмкін. Ұлыбританияда сыртқы пішінін өзгертуге болатын Кубиморф ұялы телефоны жасалмақ. Ол құрылғы сенсорлы дисплейі бар пластик кубиктерден тұрады. Бұл тетік гаджетті санаулы сәттің ішінде түрлендіруге толық мүмкіндік береді. Ерекше жоба әзірге тек дайындық сатысында. Ғалымдар жаңа смартфонды сатылымға 15 жылдан кейін шығарамыз деп отыр. Абиджит Карник, Ланкастер университетінің оқытушысы: - Бұл соңғы нұсқасы емес. Жұмысты жаңа ғана бастадық. Бұл іске компьютер мен робот техниктерін тартып жатырмыз. Әйтпесе, қазіргі прототиптердің сапасы нашарлау. Сондықтан, нарыққа әзір шығара алмаймыз. Бірақ, шешуді қажет ететін мәселелерді талқылайтын деңгейге жеттік.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды