Түрік тапаншасы беделді америкалық мерзімді басылымның марапатына ие болды (видео)
Түрік тапаншасы беделді америкалық мерзімді басылымның марапатына ие болды (видео)
3 жыл бұрын 2211 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Аса беделді Tactical Retailer америкалық мерзімді басылымы Sarsılmaz деп аталатын түріктер компаниясының мамандары жасап шығарған SAR 9 тапаншасының жаңа нұсқасын «Оқырмандар таңдауы» жіктелімі бойынша ең үздік қару деп таныды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл аталған тапанша үшін үлкен марапат. SAR 9 тапаншасы Түркияның қорғаныс өнеркәсібі басқармасы қолға алған «Таза отандық тапаншаны әзірлеу» жобасы аясында жасалып отыр. Алып жүруге де, қолдануға да қолайлы қарудың бұл түрі Түркия полициясы басқармасында әрі өзге де күштік құрылымдарда сынақтан сәтті өткен болатын. Аталған Tactical Retailer мерзімді басылымының «Оқырмандар таңдауы» жіктелімі бойынша екінші орыннан швейцар-неміс біріккен өндірісінің Sig Sauer тапаншасы, ал үшінші орыннан австриялық Glock тапаншасы көрінді. Түріктердің соңғы үлгідегі тапаншалары туралы төмендегі видеодан кеңірек бәле аласыздар.

0 пікір
Мұрағат