Жас ұлғайған сайын салмақ қосу ұзақ ғұмырдың белгісі болып шықты
Жас ұлғайған сайын салмақ қосу ұзақ ғұмырдың белгісі болып шықты
3 жыл бұрын 19714 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам жасы ұлғайған сайын салмақ қосуы организм үшін қалыпты жағдай әрі ұзақ өмір сүрудің бір белгісі болып шықты. Яғни, бірден семірмей, біртіндеп салмақ қосудың «әбестігі» жоқ. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Annals of Epidemiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тағы Огайо университетінің ғалымдарының тұжырымына сенсек, ересек жасында дене салмағы шекті нормасында болып, егде жасты артық салмақ жинаса, мұндай адам өзгелерден ұзағырақ өмір сүреді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында Массачусет қалалырының бірінде тұратын америкалықтардың екі буынын 70 жасқа дейін ғалымдар қадағалаған екен. Бұдан бөлек, 4500-нан аса ересек адам мен 3700 олардың балаларының медициналық мәліметін сараптаған екен. Осы сараптама кезінде ғалымдар олардың әдеттерін де (шылым шегу, ішімдік ішу, ауру) назардан тыс қалдырмаған. Нәтижесінде адам денесінің салмағының өлімге апаратын қатері барына да көз жеткізген. Тіпті, ғұмыр бойы, яғни, егде жасында артық салмақ қоспағандардан да біртіндеп салмақ қосқандардың ұзағырақ өмір сүретінін анықтады. Сонымен бірге, ерте кезде, тіпті, балалық шағында артық салмақтан зардап шеккен адамның ғұмыры келте болатыны да расталып отыр.

0 пікір
Мұрағат