|
WhatsApp жаңа жүйені іске қосады
|
Әлемде кең тараған WhatsApp мессенджері жаңа жүйені іске қосады - "өздігінен жойылып отыратын" статустық хабарламалар. Мұндай жүйе Snapchat және Instagram желілерінде бұрыннан бар, - деп хабарлайды "Новости Hi-Tech".
Қазір WhatsApp мессенджерінде мәтін жазылған статустар қоюға болады. Енді оларға суреттер мен стикерлер қосуға мүмкіндік туды.
Құрастырушылардың мәліметінше, жаңа статустарды пайдалану арқылы қолданушылар маңызды мәліметтерімен бөлісе алады. Компания осы жүйенің қолданушылар арасында белсенді қолданылатынын байқаған.
Статус қосымшаның камерасы арқылы іске асырылады, мұнда суреттерге жазба немесе стикер қосуға да мүмкіндік бар. Осы жазбаңыз 24 сағаттан соң өздігінен жойылып отырады және осы уақыт ішінде басқа қолданушылар пікір қалдыра алады.
Бұл жаңашылдық Android, iOS және Windows Phone платформаларында жақын арада пайда болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды