Aғаштан жасалған пышақ болаттан соғылған пышақтан да өткір (видео)
Aғаштан жасалған пышақ болаттан соғылған пышақтан да өткір (видео)
2 жыл бұрын 1383 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар ағашты барынша тығыздап, 23 есе берік етті. Ағашты төр сағат бойы сілті ерітіндісінде қайнатқан екен, артынан ыстық күйінде жаныштап (тыңыздап), суда ісіп кетпесі үшін оған минералды май құйды. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Содан одан пышақ жасады. Ол асханада қолданылатын пышақтан үш есе өткір келеді, онымен қиналмай қатты піскен етті турауға болады. Ағаш материалынан, тіпті, шеге де асауға болады. Оның металл шегеден артықшылығы – тот баспайды. Жаңа материал экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан тиімді, яғни, экологияға зияны аз әрі болат құюға қарағанда арзанға түседі. Десе де америкалықтардың бұл ісі таңсық болмауы тиіс: Kiwami деген атпен танымал жапон блогері ағашты картоннан, күріштен, мұздан, тіпті, матадан да жасай береді. Пышақты аталған материалдардан қалай жасайтынын Ютубтағы арнасында жариялап отырады. Төменде екі видео берілген: біреуі америкалық ғалымдардың, ал екіншісі жапон блогерінің ағаш пен түрлі материалдан пышақ жасау барысын тамашалай аласыздар.

 

0 пікір
Мұрағат