Алма жеп арықтауға бола ма?
Алма жеп арықтауға бола ма?
8 жыл бұрын 12894 ҚазАқпарат

Алма - ең жақсы диеталық жеміс. Бір алмада 87-ге жуық калория бар. Дәрігерлер алманы күнделікті ас мәзірге қосу туралы кеңес береді. 

 

Алманың пайдалы қасиеттері

Бұл жеміс темірдің, пектиннің және фоли қышқылының негізгі көзі саналады. Алма артериалды қан қысымын реттеп, тыныс алуды жақсартады. Бұған алмадағы C дәрумені көмектеседі. Ал В6 дәрумені майды кетіріп, күйзелісті азайтады. Ал жемістің өзінде мүлде май жоқ.

Алма ішектегі суды сақтап, ас қорытуды жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, оның құрамындағы жасұнық қандағы холестерин көлемін азайтуға әсер етеді.

Полифенолдар - антиоксиданттардың бір түрі, қандағы қантты реттейді. Бұлар алманың қабығында болатындықтан, алманы қабығымен жеген дұрыс. Одан бөлек, алмада кахетиндер бар. Ұйқы кезінде майдан арылтатын тап осы кахетиндер. Сондықтан, алмамен арықтауға бола ма деген сұраққа сеніммен «иа» деп жауап беруге болады.

Тәттіні жақсы көрушілерге арналған алма диеталары

1-і нұсқа. Екі күн бойы бір келі алмадан дайындалған пюре жеңіз. Алманы үккіштен өткізіп, аздап бал қосамыз. Содан соң, газдалмаған немесе минералды су, аса тәтті емес шырындар ішуге болады.
2-і нұсқа. Екі күн бойы бір жарым келіден кем емес алманы жеу қажет (әр күн сайын). Ал ұйықтар алдында пеште пісірілген алма мен бал пісірмесін жеңіз.

Қиын алма диетасы

Алты күн бойы тек қана алманы пайдаланасыз. Егер қышқылдық артып кетсе, тәтті алма жеңіз. Егер төмен болса, керісінше, ащысын жеген дұрыс.

Бірінші және алтыншы күндер: бір келі алмадан жеңіз
Екінші және бесінші күндер: бір жарым келі алмадан жеңіз
Үшінші және төртінші күндер: екі келі алмадан жеңіз

Күнара көк шай ішіп тұрсаңыз да болады. Егер диета қиынға соқса, аздап қара кептірілген нан жеңіз.
Маңызды кеңес

Кейде ұзақ уақыт алма жеу де кедергі келтіреді. Себебі, алма құрамындағы қышқыл заттар сіздің тәбетіңізді арттырады. Алайда, мұны түрлі қиын күндерде пайдалануға болады.

Егер сіз алма жеп, арықтауға болады дегенге сенбесеңіз, дәрігер диетологпен кеңесіп көріңіз. Есте сақтаңыз, алма диетасын ішек жолдарында сырқаты жоқ адамдар ғана ұстана алады.  

Керек кеңес confederation.kz сайтынан алынды. 

 

Алма холестерин көрсеткіштерін айтарлықтай төмендетеді

Егер адам күніне бір алма жеп отырса, жүрек талмалары мен инсульттардың алдын алуға болады, дейді Ливерпуль университетінің сарапшылары.

Ғалымдардың мәліметтерінше, жүрек-қантамыр кемістіктерінің даму қаупі аз топтағы адамдар үшін алманы күнделікті жеу статиндерді қабылдаудан миокард инфарктының қаупін төмендетумен тең болады.

Аталған әдістің болашағының зор екенін жүрек-қантамыр аурулары оқиғаларының 80 пайыздан астамы сыртқы факторларға байланысты болатынымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, әңгіме ас мәзіріндегі зиянды тамақ, темекі шегу, алкоголь және дене белсенділігінің болмауы туралы болып отыр.

0 пікір
Мұрағат