Апат болған жағдайда жолаушыларды аман алып қалатын ұшақ құрастырылды
Апат болған жағдайда жолаушыларды аман алып қалатын ұшақ құрастырылды
8 жыл бұрын 5516

Ұшаққа отырғанда апатқа ұшыраса қайтеміз дейтін үрей пенде атаулының бәрінде болатыны рас. Осы қауіпті сейілтудің жолын іздеп, украиналық инженер Владимир Татаренко үш жыл бойы бас қатырып келеді. Ол оны тапқан да секілді. Ол апат болған жағдайда ұшақтың жолаушылар отырған бөлігі ажыратылатын ұшақты ойлап тапқан. Оның үстіне парашют орнатылған. Астыңғы жағына пантондар бекітілген. Парашют әуеден жерге аман-есен қонуға көмектессе, пантон суға қонған жағдайда батып кетпеуін қаматамасыз етеді. "Осылайша апат болғанда аман қалу ықтималдығы жоғары" - дейді Татаренко.  

1

2

Ажыратылған жолаушылар отырған бөліктің жоғарғы жағынан парашют бірден ашылады. 

3

Осылайша жолаушылар жерге аман-есен қона алады. 

4

Үрілген пантондар су үстіне қонғанда көмектеседі.

5

Жолаушылардың заттары да осы бөлікте орналасады. 

6

Ұшақ бұл бөлігі ұшатын кезде, ұшып бара жатқанда, қонғанда да ажыратыла береді. 

7

Әзірше бұл жобаға түрлі сын-пікірлер айтылуда. Бәрінен бұрын, бұл ажыратылатын бөлік ұшақтың бастапқы күйін бұзады. Зымыранмен атқылағанда қауқарсыз күйде қалады. Сонымен қатар, пилоттардың қауіпсіздігі қарастырылмаған. Бұл жобаның іске асуы-аспауы екіталай. Жылына миллион ұшақ ұшырылып, миллиардтаған жолаушылар болған күннің өзінде 500 адам ғана ұшақ апатынан көз жұмады екен. 

 
0 пікір
Мұрағат