|
Қасиетті Құран Кәрім тағы 10 тілге аударылатын болды
|
Түркия Дін істері басқармасы биыл «Құран аударылмаған бірде-бір тіл қалмасын» жобасы аясында қасиетті кітапты тағы 10 тілде жариялауды жоспарлап отыр.
Аталмыш жоба негізінде қасиетті Құран Кәрім ағылшын, болгар, украин, қырғыз, албан, португал, босния, кәріс, парсы және литва тілдерінде жарық көретін болады. Сондай-ақ, бұл кітаптардың электронды нұсқасы да қоса қолданысқа енгізіледі.
Осы жоба аясында былтырғы жылы қасиетті Құран Кәрімнің француз, күрді, армян, румын, орыс, грузин, испан, әзірбайжан, қытай, татар, итальян, қазақ және дат тіліндегі нұсқалары жарық көрген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды