Аптасына тек бір-ақ рет егетін инсулин жасалды
Аптасына тек бір-ақ рет егетін инсулин жасалды
4 жыл бұрын 3781 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Novo Nordisk медицина компаниясы екінші типтегі сусамыр дертіне шалдыққандарды емдеуде пайдаланылатын кәдімгі инсулинді алмастыратын жаңа дәріні сынақтан өткізудің екінші кезеңінің сәтті аяқталғанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Инсулин икодек» деген атауға ие болған бұл дәрі еккеннен кейін жеті күн бойы организмге бірдей дозада (мөлшерде) біртіндеп (жайымен) тарайтындығымен айрықшаланады. Осыған байланысты ендігі жерде екінші типтегі қант диабетімен ауыратын науқастарды күн сайын өзіне ине шаншып жататын машақаттан құтқарады. Инсулин икодекі - биохимиядағы елеулі жетістік. Біріншіден, инсулин молекуласы модификацияланған, яғни, жетілдірілген, яғни, ферментативті деградация қаупі төнбейді. Екіншіден, икодек бауыр альбуминмен байланысқа бейімделіп жасалған, осы себепті оны жылдам еріп кетуден сақтайды. Нәтижесінде  организмді инсулинмен ұзақ мерзімге қамтамасыз етеді. Аталмыш дәріні сынақтан өткізудің үшінші кезеңі биылдан қалмай жүзеге асырылады. Аптасына тек бір-ақ рет салатын инсулиннің басты артықшылығы тек күнделікті машақаттан құтқарып қоймай, сонымен қатар, жиі ине шаншудан абайсызда қандай да бір жұқпалы аурудан сақтауға көп көмегін тигізбек.

0 пікір
Мұрағат