Ауадағы ылғалдан электр энергиясын өндіру жолы табылды
Ауадағы ылғалдан электр энергиясын өндіру жолы табылды
11 күн бұрын 489 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің ғалымдары бактериялар өндіретін ақуыз жіптерінің электр тогын өткізетінін және оны ауадағы ылғал арқылы өндіре алатынын анықтады. Экологиялық таза компоненттер болашақта қауіпсіз жасыл энергияның тағы бір желісін құруға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com қпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Табиғат құбылыстары электрондардың қозғалысын қажет етеді. Мәселен, фотосинтез кезінде хлорофилл түрлі ақуыз молекулалары арасында электрондарды жылжытады. Бактериялық жүйелер, сонымен қатар, өткізгіш ақуыз жіпшелердің көмегімен мембраналар арқылы электрондарды тасымалдайды. Зерттеушілер ішек таяқшасы (E. coli) бактерияларының көмегімен талшықты генетикалық тұрғыдан құрылымдады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Лоренцо Траваглини: «Біз E. coli ДНҚ-сын өзгерттік, осылайша бактериялар өмір сүруге қажетті ақуызды шығарып қана қоймай, сонымен бірге, біз жобалаған белгілі бір ақуызды жасауға көмектесті, содан кейін біз оны зертханада нано сымдарға айналдырдық», деп түсіндірді. Бір қызығы, ғалымдар наноөткізгіштерге жоғары өткізгіштік беретін ақуыз құрылымына қосқан молекула - гем. Бұл ген жануарлардың қанында жиі кездесетін және оттегін тасымалдау үшін қолданылатын дөңгелек темір негізіндегі құрылым. Зерттеушілер электрондар бір-біріне жеткілікті жақын орналасса, молекулалар арасында «секіретініне» сенім артып, гемді инженерлік тізбектерге біріктіріп көрген екен. Ғалымдар гемнің бар кезінде және жоқ кезінде жіптердің өткізгіштік қасиетін қадағалай келе молекуланың ақуызды өткізе алатынына көз жеткізген. Сонымен қатар, ауқымды сынақ кезінде зерттеушілер қоршаған ортаның ылғалдылығы 20-30%-ға жеткен кезде токтың күшейетінін анықтады. Болашақта бұл жаңалық микроскопиялық электр стансаларын құруға, биологиялық медициналық құралдар жасауға және экологиялық датчиктер әзірлеуге көмектесуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат