Ауыздағы дәм арқылы анықталатын сусамыр белгісі аталды
Ауыздағы дәм арқылы анықталатын сусамыр белгісі аталды
2 жыл бұрын 3573 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кливленд емханасының (АҚШ) дәрігерлері адамның сусамырға шалдыққанын анықтау мүмкіндік беретін қарапайым әдісті немесе белгіні атады. Бұл жайында islam.kz порталы medikforum ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сусамырға шалдыққан немесе қант диабетіне шалдығу қатері жоғары адамның аузында өздігінен, яғни,  еш себепсіз тәтті дәм пайда болады. Бұл организмнің қан құрамындағы қант деңгейін реттеу қабілетінен айырылғанын білдіреді. Адам аталмыш кеселге шалдаққанда ұйқы безінің қызметі бұзылады, бұл жайт өз кезегінде организмнің қан құрамындағы қант деңгейін белгілі бір қалыпта ұстап тұра алмауына әкеледі. Осыған байланысты инсулинге – қант деңгейін төмендететін гормонға сезімталдық кемиді немесе инсулинді жеткілікті деңгейде бөле алмайды.

0 пікір
Мұрағат