Биологиялық молекулалардың жаңа класы табылды
Биологиялық молекулалардың жаңа класы табылды
3 жыл бұрын 2911 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Стэнфорд университетінің ғалымдары осы уақытқа дейін белгісіз болып келген - тірі жасушадан глико-РНҚ-ды (РНҚ-ның жай қантпен қосындыны) тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақуыздар, липидтер, көмірсулар (қант) және нуклеиндік қышқыл – негізгі биологиялық макромолекула түрлері. Бұл арада көмірсулардың азғана бөлігі ақуыздармен әне маймен араласуы мүмкін. Мұндай гликолипид жасуша мембранасының негізін қалайды,  ал гликопротеин жасушаның өзара әрекетінде маңызды рөл ойнайды: мәселен, эритроциттің қан тобын анықтайды.Гликолипид пен гликопротеин барлық тірі организмде кездеседі. Алайда, таяуда биологтер тұңғыш рет глико-РНҚ молекуласын тапқанын айта кетпекпіз. Ғалымдардың айтуынша, аяқ астынан ашылған бұл жаңалыққа биологтердің осы уақытқа дейін қалай назар аудармай келгені таңқалдырады. РНҚ-ы және  гликозилді биомолекуланы зерттеу саласында екеуі бір-бірімен көп қиыса, ұштаса (яғни, бір-біріне қатысы шамалы) бермейді, бәлкім, ғалымдар мұндай молекуланы осындай себеппен аңғармаған болуы мүмкін. Аталмыш жаңалықтың ашылуына мынадай жағдай себеп болды: РНҚ сарапшысы Райан Флинн (Ryan Flynn) гликопротеинге маманданған профессор Кэролин Бертоццидің (Carolyn Bertozzi) зертханасында жұмыс істей бастаған еді. Нәтижесінде олар глико-РНҚ-ның бар-жоғын анықтап көру туралы ойланады. Райан Флинн (Ryan Flynn) Кэролин Бертоццидің ақуыздың гликозилдену (Гликолиз (грек, glykys — тәтті, lysis — еру) — адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегсіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырау процесі – Уикипедия электронды энциклопедиядан) процесін зерделеу үшін ойлап тапқан технологиясын қолданып көреді, дәлірегі, ол флуоресцентпен белгіленген (тірі жасуша өскінінде оны тікелей қадағалау үшін белгілейді), түрлендірілген (модификацияланған) моносахаридтерді пайдаланады. Кейбір белгіленген көмірсулардың расымен де РНҚ-ға қосылғанын байқаған, бұл жайт, әсіресе, сиал қышқылы мен фукозға тән болып шыққан. Мұндай әар алуандылық (яғни, мұндай молекула түрі) оның белгілі бір функцияны атқаратынын білдіреді. Оның қандай функция атқаратынын анықтай жатады алдағы уақытта. Десе де ғалымдар гликозилденген РНҚ-ның кейбіреуінің аутоиммундық аурулармен байланысты екенін алға тартып отыр. Бұл жаңалық өз кезегінде организмдегі мұндай ауытқушылық пен ақаудың түп-төркінін тереңірек білуге көмектеседі.

©Ryan Flynn

0 пікір
Мұрағат