Cабын мен ұнтақты қажет етпейтін, өздігінен тазаратын мата жасалды
Cабын мен ұнтақты қажет етпейтін, өздігінен тазаратын мата жасалды
3 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кір жуу ұнтағы химиялық өнім болғандықтан қоршаған ортаға зиянды. Өзен мен көл суына және топыраққа еніп, тіршілікке, адамзатқа қауіп төндіреді. Осыны ескерген қытай ғалымдары кір жуу ұнтағын пайдалану қажеттілігінен құтққаратын ерекше мата ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Communications Chemistry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада матаның өздігінен тазаруына ықпал ететін технологиялық тетік турасында сөз болып отыр. Матаның қорғаныш қасиеті екі полимердің арқасында қалыптасады: поли (диаллилдиметиламмонийхлорид) (PDADMAC) және поли (винилсульфон қышқылы) (PVS)  жалатылған мата талшығында  ылғалдандыратын тығыз қабат қалыптасады, соның арқасында кір мен микроорганизмдер химиясыз, яғни, кәдімгі сумен шайылады. Бірегей мата 100-ден аса жуылғаннан кейін ғана өзінің қасиетінен айырыла бастайды. Мұндай тәсіл кір жууға кететін су мен электр энергиясын тұтыну мөлшерін шамамен 82% -ға қысқартады. Бұрын ғалымдар кір жуу үшін кететін суды үнемдеу жолдарын іздестіріп келген еді, енді кір жуатын химиялық ұнтақтың зардабына назар аудара бастады. Ал қытай ғалымдары кір жууға кететін суды үнемдеуге де, химиялық ұнтақтан болатын экологиялық зардапты да шешетін технологияны ұсынып отыр. Былайша айтқанда, бір оқпен екі қоян атып алды. Ғалымдар бұрын да өздігінен тазартатын материалдар жасауға талпынып келгенін айта кету керек, алайда, ізденістері зая кеткен еді, мәселен, табиғатта кездесетін лотос жапырақтарын пайдаланып көрді. Алайда, мұның кемшіліктері жоқ емес: майлы дақтарты кетіре алмайды, ал құрылымы уақыт өте келе бұзылып, мтаериалдың өзін-өзі тазарту әсері төмендеген болатын. Тағы бір танымал технология - титан диоксиді негізіндегі жабын (TiO ₂) - фотокаталитикалық реакция үшін жарықтың болуын қажет етеді, ал жарық болмаған жерде материалдың өздігінен тазару тиімділігін шектейді. Полимерлерді кезекпен жағудың жаңа тәсілі матада тұтас гидратациялық қабат қалыптастырады. Өңдеу процесінде PDADMAC және PVS молекулалары бір-бірімен байланысып, матаның беріктігін арттырады. Суға шайылған мұндай мата құрғаған кезде өзінің қасиеттерін жоғалтпайды. Тозаңдату технологиясы полимер молекулалары сенімді бекітілген кинетикалық «мұздатылған» құрылым түзеді. Осының арқасында мата 100 жуу циклынан кейін де жоғары ылғалдылықты және өзін-өзі тазарту қабілетін сақтайды. Бұл тараптағы сынақ нәтижесі көрсеткендей, жабын гидрофобты синтетикалық талшықтарда да, гидрофилді мақтада да тиімділігін танытқан. Тамақ дақтары, майлы дақ, бактериялар мен саңырауқұлақтар мұндай матадан сумен бірге шайылып кетеді.

 

0 пікір
Мұрағат