«Ғимаратқа арналған жемпір» үйдің жылуына кететін энергияны 23% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді
«Ғимаратқа арналған жемпір» үйдің жылуына кететін энергияны 23% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді
2 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Амхерстегі Массачусет университетінің зерттеушілері ғимараттарды жылыту шығындарын айтарлықтай төмендетуге көмектесетін арзан және ықшам жылу оқшаулайтын технология әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Іnterestingeng Іneering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамдар жылы киімді қалай пайдаланса, сол сияқты киюге және шешуге болатын сырт киім - «жемпір» қағидасы негізге алынған. Осының арқасында мұндай жүйелерді жыл бойы пайдаланудың қажеті болмайды. Яғни, тек суық түскенде пайдалануға болатын технология. Жылу оқшаулағыш фототермиялық бояудан және кез келген нәрсені пайдалануға болатын негізден тұрады. Бояу күн сәулесін сіңіреді және ғимаратты баяу қыздырады, осылайша  жылуды ішінара қабырғаларға бағыттайды. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, мұндай панелдер шуақты күндері ғиммаратты бір тәулік ішінде 3,8°C-қа жылытады. Жылуға кететін шығынды үнемдеу көрсеткіші 15 % дан 23 % аралығында ауытқиды. Ғимарат неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жоғары құбылады.

0 пікір
Мұрағат