|
Түркияда күштер арасалмағын өзгерте алатын қуатты қару пайда болды (видео)
|
Түркияның ұлттық әскери өнеркәсіптің негізгі ойыншыларының бірі «Baykar» қорғаныс компаниясы «Mazrak» («Найза») атты жаңа қаруды ұсынатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы Maariv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей қару қазіргі заманғы ықтимал әскери операцияларда күштер теңгерімін өзгертуге қабілетті маңызды құрал болмақ. Аталмыш жүйе алғаш рет SAHA 2026 халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылады. Алдын ала жарияланған мәліметтерге сәйкес Mazrak жүйесінің әрекет ету қашықтығы 1000 шақырымнан асады және әуеде 7 сағаттан астам уақыт бола алатын барлау және соққы беру оқ-дәрісі. Жүйе толығымен Түркияда әзірленген. Өзгеше қару екі негізгі конфигурацияда болады: біріншісі салмағы 40 келіге жуық қос типті әскери бөліммен жарақталған. Екінші нұсқа салмағы 20 келі тартатын әскери бөлігін алып жүреді және нысананы неғұрлым дәл қармауға арналған радиожиілік бағыттау жүйесімен (RF) толықтырылады. Жалпы тұжырымдама нысананы мейлінше аз уақытта аңғарып, дәл зақымдаудды ұйғарады. Жүйенің негізгі ерекшеліктерінің бірі жасанды зерде технологияларымен кіріктірілген. Mazrak, тіпті, қарқынды радиоэлектрондық тосқауылға кеіккенде де дербес әрекет етуге қабілетті. Навигацияның және визуалды орналастырудың кіріктірілген оптикалық жүйелері оған GPS спутниктік сигналын пайдаланбай бағдарлауға мүмкіндік береді, мұндай артықшылық, әсіресе, эфирде белсенді күресетін орталарда маңызды. Қанатының ұзындығы 4 метрге жуық және ең жоғары ұшу салмағы 200 келіге дейін жетеді. Оқ-дәрілер стандартты ұшып көтерілу жолақтарынан да, сондай-ақ, RATO старт зымыран жүйесін пайдалана отырып, дайындалмаған алаңдардан да ұшырылуы мүмкін. Mazrak түркиялық Bayraktar TB2 және Akinci ұшқышсыз ұшатын ұшақтарының желілік архитектурасына интеграцияланады, бұл оны басқа әуе платформаларымен байланыста пайдалануға және соққы операцияларын үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік береді.