|
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «SOLIHA» ЖК КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫ «QMDB HALAL» КУӘЛІГІНЕ ИЕ БОЛДЫ
Шымкент қаласында «SOLIHA» ЖК кондитерлік цехы «QMDB HALAL» куәлігіне ие болды. Кәсіпорында жүргізілген аудит барысында өндірістік үдерістер мен қолданылатын шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты тексеріліп, оң қорытынды шығарылды.
Куәлік табыстау кезінде кәсіп иесіне халал стандарттарды сақтау, өнім сапасын арттыру және тұтынушылар сенімін нығайту бағытындағы талаптар түсіндірілді.
Алдағы уақытта кәсіпорында «QMDB HALAL» талаптарының сақталуы тұрақты түрде бақылауда болады
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ХАЛАЛ КУӘЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ
Ақтөбе қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» стандарты бойынша халал куәліктері табысталды. Атап айтқанда, ИП «Express» ет дүкені халал куәлігін жаңадан иеленсе, ЖШС «Азия Ингредиент» кәсіпорны балмұздақ өнімдері бойынша берілген халал куәлігін қайта жаңартты.
Сонымен қатар, кәсіпорын мамандары мен қасапшыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырылып, халал стандарт талаптары жан-жақты түсіндірілді. Семинар барысында қасапшылық үдерістеріндегі талаптар мен санитарлық нормалардың маңыздылығы атап өтілді. Нәтижесінде қатысушыларға қасапшылық куәліктері табысталды.
Куәліктерді тиісті сала мамандары табыстап, адал өнім өндіру жолындағы жауапкершіліктің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен бірге халал талаптарын сақтау – тұтынушы сенімі мен сапалы қызметтің негізгі кепілі екені жеткізілді.






АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ШҰЖЫҚ ЦЕХЫНА КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Көктоған ауылында орналасқан шұжық цехында тексеріс жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында өндіріс үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен санитарлық талаптардың сақталуы жан-жақты қаралды.
Нәтижесінде кәсіпорынның Халал талаптарына сәйкестігі расталып, тиісті куәлік табысталды. Кәсіпорын алдағы уақытта да белгіленген талаптарды сақтай отырып, сапалы өнім ұсынуды жалғастырады.
«ОЛИВЬЕ» ДӘМХАНАСЫНА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Павлодар қаласында «Оливье» дәмханасының 2 дәмханасы бар. Өткен жұмада аталмыш дәмханаларға шариғат талаптары мен халал стандартына сәйкес арнайы куәлік алды.
Тексеру барысында дәмханалардың өндіріс үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен санитарлық талаптардың сақталуы, даяшылық мәдениеті т.б көрсеткіштері жан-жақты қаралып, халал талаптарына толық сәйкестігі анықталды.
Нәтижесінде, аталған нысандарға халал куәлігі ресми түрде берілді.

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «AULA» ТАМАҚТАНУ ОРНЫНА “QMDB HALAL” КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Қарағанды қаласында орналасқан «Aula» тамақтану орнына «QMDB HALAL» стандартына сәйкес халал куәлігі табысталды.
Аталған кәсіпорында жүргізілген тексеріс нәтижесінде тағам дайындау үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен өндірістік талаптар шариғат нормаларына сай екені анықталды.
Сараптама барысында ас мәзіріндегі өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, тағам дайындау барысындағы тазалық пен қауіпсіздік нормалары толықтай бақылаудан өтті.
Нәтижесінде, «Aula» тамақтану орнына «QMDB HALAL» куәлігі беріліп, тұтынушыларға халал талаптарына сай қызмет көрсетуге ресми түрде рұқсат етілді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ХАЛАЛ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Шымкент қаласында бірқатар кәсіпорындарға «Халал Даму» стандарты талаптарына сәйкес халал куәлігі табысталды. Атап айтқанда, «BIO FOOD KZ» ЖШС және «Kemel Dan» ЖШС кәсіпорындары халал талаптарына сәйкестігін растап, арнайы куәлікке ие болды.
Аудит барысында өндіріс үдерістері, шикізат құрамы, санитарлық жағдай және халал стандарты талаптарының сақталуы толық тексеріліп, оң қорытынды берілді.



