Денемен басқаруға болатын «үшінші қол» жасалды (видео)
Денемен басқаруға болатын «үшінші қол» жасалды (видео)
3 ай бұрын 1775 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Силвестр Мицера есімді профессор бастаған швейцариялық EPFL ғалымдарының тобы адамдардың үшінші қолды пайдалану мүмкіндігіне зерттеу жүргізді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталмыш зерттеу адамның жасанды дене бөліктерін пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған «Үшінші қол» жобасының бір бөлігі. Бұл тарапта назарды үш дене мүшесін бірден басқаруға шоғырландыру мүмкіндіктері зерттелді. Тәжірибеге қатысушылар алғашқы кезеңде виртуалды шыныдық гарнитурасымен, қарын бұлшықетінің қозғалысын басқаруға мүмкіндік беретін арнайы белдікпен жабдықталды. 150 сағатқа созылған тәжірибеге қатысушылар бұл жүйені тез меңгеріп алды. Ең бастысы, тәжірибеге қатысушыларға зейіндерін шоғырландыру үшін көп күш-жігер жұмсаудың қажеті болмады; олар, мысалы, бір мезетте үшінші қолын басқара алады және сөйлесе алады. Яғни, екі функцияны қатар атқара алған. Екінші кезеңде виртуалды құрал датчиктері бар белдіктегі пластик таяқша түріндегі нақты құралмен ауыстырылды. Пайдаланушылар оны денені еңкейтпестен өте жоғары дәлдікпен жылжыта алды. Бұл жоба не үшін қажет? Мұндағы мақсат робот қолды жасауға бағытталған емес, оның қажеті де шамалы, есесіне, адам миының қалыптан тыс құралдармен қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектеседі. Түрлі жағдайға бейімделудегі адамның мүмкіндігін танып-білудің маңызы зор. Бұдан бөлек, бұл жаңалық мүмкіндігі шектеулі (дәлірегі, сал болып қалған) жандардың жасанды дене мүшелерін пайдалануға жол ашады, осылайша өз бетінше өмір сүруіне жағдай жасалады. Бұған қоса, ерекше қажеттілігі бар жандардың экзоқаңқамен жүріп-тұруы үшін де мұндай құралдар қажет болады.

0 пікір
Мұрағат