Дыбыс жылдамдығының жоғарғы шегі анықталды
Дыбыс жылдамдығының жоғарғы шегі анықталды
4 жыл бұрын 2893 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Британиялық және ресейлік физиктер дыбыстың мейлінше ықтимал жылдамдығын анықтады – секундына 36 шақырымды құраған. Дыбыстың жылдамдығы тарихта тұңғыш рет өлшенгенін айта кету керек осы орайда. Бұл көрсеткіш әлемде ең қатты материал ретінде белгілі алмаздағы дыбыс жылдамдығынан шамамен екі есе жоғары. Бұл бағыттағы зерттеу туралы ақпаратты islam.kz порталы Science Advances мерзімді бамылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әйгілі Альберт Эйнштейннің арнайы салыстырмалы теориясы толқын (соның ішінде жарық пен дыбыс толқыны да кіреді) жылдамдығының абсолютті шегін белгілеп береді. Ол жарық жылдамдығына тең – секундына шамамен 300 мың шақырымды құрайды. Алайда, осы уақытқа дейін дыбыс жылдамдығының жоғарғы шегінің бар-жоғы белгілісіз болып келген еді. Дыбыс жылдамдығы қоршаған ортаның жай-күйіне, дәлірегі, тығыздығына байланысты. Газ бен сұйықтықта аз болса, қатты заттарда жоғары болып келеді. Мұны бейнелеп айтқанда мынадай мысалмен түсіндіруге болады: теміржолға (рельске) құлағыңызды тоссаңыз, пойыздың жақындап келе жатқанын ести аласыз – ауадан келетін дыбысына қарағанда қатты заттан ерте ести аласыз. Лондон мегаполисіндегі Ханшайым Мария және Кембридж университеттерінің, сондай-ақ, Троицкідегі жоғарғы қысым физикасы институтының ғалымдары дыбыстың жоғарғы жылдамдығын қалай анықтады? Олар дыбыстың барынша жоғарғы жылдамдығын өлшемі жоқ, физикалық тұрақты екі констант (тұрақты жұқа құрылым мен протон және электрон массаларының қатынасы) негізінде анықтай алды.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат