Электрмен ұшатын африкалық ұшақтың артықшылығы (видео)
Электрмен ұшатын африкалық ұшақтың артықшылығы (видео)
2 жыл бұрын 2132 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Африкалық Phractyl стартапы құс тәрізді көрінетін электрмен жүретін ұшақ прототипін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы phractyl.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұшу аппаратының қанаты, құстікі тәрізді табаны және еңкейе алатын кабинасы бар. Phractyl стартапы ұсынған бұл құрылғы Macrobat прототипі тігінен ұшып-қоға алады. Платформадағы қаз тәрізді тірегі ойлы-қырлы жерде жыжлжуына мүмкіндік береді. Құс тәрізді аяғы аса қуатты қозғалтқышпен жабдықталғандықтан ұшақ корпусының тепе-теңдігін сақтауына, еңкейуіне, көтерлуіне, төмендеуіне көмектеседі. Macrobat ұшқан кезде кабинаны барынша жоғары биік ұстайды, артқа шалқаяды, қанатын жазады, үлкен аяқтары тігінен 20 градусқа дейін бүгіледі. Әуеге көтерілген кезде платформа корпусқа жинналады – ауа кедергісін мейлінше азайту үшін. Құрылғы тек екі адамға шақталған. Ұшу қашықтығы – 150 шақырым, бұл қашықтықта 150 келіден асатын жүкті алып жүре алады. Ұшу жылдамдығы – сағатына 180 шақырым. Болашақта бұл жоба жетілдіріледі – алыстан басқарылатын әрі екі адам емес, бірнеше адам сиятын аппаратқа айналдырылады.

0 пікір
Мұрағат