Расымен де жас қан адамды жасартады – зерттеу
Расымен де жас қан адамды жасартады – зерттеу
1 жыл бұрын 2375 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан аттай 1 жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Жас адамның қаны 21-ші ғасырдың баға жетпес дәрісіне айналуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-adamnyn-qany-21-shi-gasyrdyn-baga-jetpes-darisine-ainaluy-mumkin-video-13794/#gsc.tab=0) материалымызда жас адамның қаны құйылған адамды кәрілікке тән ауру саналатын алжу секілді дерттен сақтайтынын жазғанбыз. Десе де бұл бағыттағы зерттеу тек гипотеза деңгейінен аспаған еді. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы мардымсыз мәлімет тың зерттеу деректерімен толығып отыр. Питтсбург университетінің ғалымдары зертханадағы тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен: жас кеміргіштің қанын егде тышқанға құйғанда оның бұлшық етінің қалпы келу (регенерация) қабілеті артқан. Мәселенің мәнісі мынада – қан құрамында бұлшық ет тінінідегі жасушада кездесетін клотомен («ұзақ ғұмыр ақуызы») өзара әрекеттесетін жасушадан тыс везикул (жасушаның негізгі құралы – метаболизмді (зат алмасуды) қамтамасыз ететін әрі ферменттердің сақталуына жауапты) бар. Организм қартайғанда везикул мен клото арасындағы ақпарат алмасу қарқыны бәсеңдейді.

Ұқсас материал:

«Жас адамның қаны 21-ші ғасырдың баға жетпес дәрісіне айналуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-adamnyn-qany-21-shi-gasyrdyn-baga-jetpes-darisine-ainaluy-mumkin-video-13794/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат