Ең қиын тілдер белгілі болды
Ең қиын тілдер белгілі болды
8 жыл бұрын 3654 INTERFAX.RU

АҚШ мемлекеттік департаментінің елшілікте істейтіндерді лингвистикалық тұрғыдан оқытатын дипломатиялық қызметі әлемдегі ең қиын бес тілді атады. Айта кету керек, бұл тілдердің қиындығы ағылшына сөйлейтіндерге қарап анықталды. Яғни, ағылшын тілділер үшін игерілуі қиын тілдер болып табылады. Қиын тілдердің қатарында көш басында жапон тілі тұр. Содан кейінгі орынға қытай тілі табан тіреген. Үшінгі орында - кәріс тілі. Бұл тілдерді меңгеру үшін 2,2 мың сағат кетеді екен. Ал төртінші орынға араб тілі жайғасыпты. Бұл тілді меңгеруге де 2,2 сағат кететін көрінеді. Бесінші орында тұрған эстон тілін меңгеруге 1,1 мың сағат жұмсалады. Меңгеру үшін осынша уақытты талап ететін тілдердің қатарында, сонымен қатар, венгр, моңғол, вьетнам және тай тілдерін жатқызуға болады. Орыс тілі алғашқы ондыққа кірген қиындығы жағынан – бұл тілді меңгеру үшін 1,1 мың сағат қажет көрінеді. 

0 пікір
Мұрағат